Пән көлемі — 5 кредит (150 сағат), 15 апта.
| Сабақ түрі |
Сағат саны |
| Дәріс сабақтары |
30 |
| Тәжірибелік (семинар) сабақтар |
15 |
| БОӨЖ — білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы |
15 |
| БӨЖ — білім алушының өзіндік жұмысы |
90 |
| Барлығы |
150 |
Әр аптаның толық мазмұны — БОӨЖ және БӨЖ тапсырмалары, сабақ нысаны мен бақылау түрі — апта бетінде.
I-модуль. Философияның пайда болуы және дамуы
| Апта | Дәріс | Семинар |
|---|
| 1–2-апта | Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі. | Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері. |
II-модуль. Дүниені философиялық түсінудің негіздері
| Апта | Дәріс | Семинар |
|---|
| 3-апта | Сана, рух және тіл. | Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау. |
| 4-апта | Болмыс. Онтология және метафизика. | Болмыстың субстанциялық концепцияларын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау. |
| 5-апта | Таным және шығармашылық. | Таным философиялық мәселе ретінде |
| 6-апта | Білім, ғылым, техника және технологиялар. | Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника |
III-модуль. Адам философиясы және құндылықтар әлемі
| Апта | Дәріс | Семинар |
|---|
| 7-апта | Адам. | Қазіргі философиядағы адам мәселесін талдау тәжірибесі. |
| 8-апта | Өмір және өлім. Өмірдің мәні. | Күнделікті тәжірибеде өмір мәнін іздеудің маңызды қырлары: философиялық талдау. |
| 9-апта | Этика. Құндылықтар философиясы. | Этикалық дилеммалар: жағдаяттық талдау. |
| 10-апта | Еркіндік философиясы. | Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру. |
| 11-апта | Өнер философиясы. | Музыкалық эстетиканың қалыптасуын қазіргі мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыру. |
| 12-апта | Қоғам және мәдениет. | Қоғамдық сана феномені: түрлері, құрылымы, мәні. |
| 13-апта | Тарих философиясы. | Қазақ философиясындағы тарихи даму мәселелерін талдау. |
| 14-апта | Дін философиясы. | Қазіргі заман мәдениетіндегі дін философиясы. |
| 15-апта | «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы. | «Мәңгілік Ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» жобасы – Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары. |
- Дәріс — дәріс-презентация. Бақылау: экспресс-сауалнама немесе белсенділікті бақылау.
- Семинар — топтық жұмыс: проблемалық-талдамалық, салыстырмалы-талдамалық, зерттеу-талдамалық семинар, семинар-пікірталас, кейс-семинар. Бақылау: ауызша жауаптар мен талқылауға қатысуды бағалау.
- БОӨЖ — оқытушымен бірге орындалатын жұмыс: консультация, мәтінді, ұғымдарды және дереккөздерді топпен талдау және талқылау. Бақылау: талдамалық жұмысты тексеру.
- БӨЖ — өзіндік жұмыс: эссе, реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, ғылыми-ізденістік жоба. Бақылау: жұмысты тексеру немесе қорғау.
- 1–7-апталардың БӨЖ жұмыстары 7-аптада тапсырылады: 19–25 қазан.
- 8–15-апталардың БӨЖ жұмыстары 15-аптада тапсырылады: 14–20 желтоқсан.